Мойынқұм ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда

2021 жылы мониторинг топ жұмысының аясында 175 рейд жүргізіліп, 205 нысан араланды.
Нәтижесінде 15 хаттама толтырылып, 656 300 мың теңге айыппұл салынды.
Карантиндік стационарда 17 тұлға.2020 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін 970 адамнан ПТР тест алынды.
Қазіргі таңда ауданда Вакцинациялауға жататын 13794 тұрғынның 10224-не екпе салынды.
Мойынқұм ауданында індеттің алдын алу мақсатында ақпараттандыру жұмыстары да кеңінен жүргізілуде.
16 ауылдық округ тұрғындарына «Коронавирустың алдын алу жолдары», «Не себепті вакцина салу керек?» атты жадынамалар таратылды.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін БАҚ көздерінде 1429 материал,әлеуметтік желіде 967 жарияланым және 252 бейнеролик орналастырылды.
Сондай-ақ, аудан әкімінің ресми сайтына 15 материал орналастырылса, округтердің көрнекі жерлеріне «Коронавирус инфекциясын алдын алу» тақырыбында 31 баннер ілінді.
Құрметті Мойынқұм ауданының тұрғындары!

 

Аты жаман індеттің алдын алу үшін коронавирустың қауіптілігін жақындарымызға ескертуден жалықпайық!
Санитарлық талаптарды сақтап, халық көп шоғырланған орындарға барудан бас тартайық»
Бастысы – вакцина салдырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастырайық!
Сонда ғана біз қатер төндірген қауіпті індеттен бір жола құтыламыз!