Мойынқұм ауданы бойынша Кеңес, Қызылтал, Қызылотау, Ұланбел ауылдық округтерінде сайлау басталды

Мойынқұм ауданы бойынша Кеңес, Қызылтал, Қызылотау, Ұланбел ауылдық округтеріндегі сайлау учаскелері сағат 7:00 бастап өз қызметтеріне кірісті. Бүгінгі таңда 4 ауылдық округі бойынша 5 сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастаса, ауыл әкімдігіне 12 кандидат тіркелді.
Кеңес ауылдық округінде тұрғындар ауыл әкімдерін сайлауға көптеп келуде.Жалпы Кеңес ауылдық округінде 1046 сайлаушы болса,оның ішінде үйден дауыс беретін сайлаушылар саны 31. Қызылтал ауылдық округінде сайлаушылар саны 621, мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар саны 20. Ал Қызылотау ауылдық округі бойынша 358 сайлаушы болса, жас сайлаушылар саны 5, үйден беретін сайлаушылар саны 27. Ұланбел ауылдық округі бойынша айтатын болсақ 564 сайлаушы бар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар 15.
Жалпы аудан бойынша 4 округте сайлауға 2599 сайлаушылар қатысады.

 

 

Қуаныш Көбенғараев
Мойынқұм ауданы