МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ СОТЫНА ЖАҢА СУДЬЯ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Өткен аптада аудан әкімдігінің ғимаратының мәжіліс залында Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Азамат Тлеповтің қатысуымен жиын өтті.
Жиынға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, аудан прокуратурасының прокуроры Талғат Оспанов, аудандық соттың төрағасы Бағлан Далибаев және бөлім, мекеме басшылары мен мамандары қатысты.
Жиында алғаш болып сөз алған Азамат Серікұлы, жаңадан тағайындалған аудандық соттың судьясы Жолболдиева Дария Оразалықызының өмірбаяны мен еңбек жолына тоқталып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
Дария Оразалықызы 1991 жылғы 9 қарашада Оңтүстік Қазақстан Облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылында дүниеге келген.
2006-2009 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша, ал 2009-2012 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012-2014 жылдары Алматы қаласының кәмелетке толмаған істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің маманы, 2015-2019 жылдары Алматы қаласының Медеу аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, 2019-2020 жылдары Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты кеңсесінің бас маман- сот мәжілісінің хатшысы, 2020-2023 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маман- сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
2021-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.