«Меркінің елі – өнердің кені»

Тәтті ауылдық округінде 22мамыр күні Меркі ауданының 95 жылдығы,Жауғаш батырдың 290 жылдығына орай «Меркінің елі – өнердің кені» атты ауыл күндері аясында өнер фестивалі өтті.
Кесте бойынша Меркі ауылдық округінің өнерпаздары Тәтті ауылдық округінде өнер көрсетті.
Ауыл жұртшылығы өнерпаздарды құшақ жая қарсы алып, Меркі округі өнерпаздарының тарту еткен өнерлерін тамашалады.
Тәтті ауылдық округінің әкімі Альметов Талғат Аманқұлұлы мен Меркі ауылдық округінің әкімі Байарыстан Ғазиз Доғдырбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, кеш шымылдығын ашқан соң, кезек өнерпаздар өнеріне берілді.
Жақсы дайындықпен келген округ ақсақалдары, әжелер тобы, оқушылар,және өзге де өнерпаздар тамаша өнерлерімен көрермен көңілінен шыға білді. Кеш соңында сөз алған әділқазы алқалары өз кезегінде лайықты бағасын беріп, ризашылықтарын білдірісті.

Тәтті ауылдық округі