МЕРКІЛІКТЕР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының елді мекендерде көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Сұрат ауылдық округінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Ауылға апарар жолдың бойындағы талдар мен аялдамалар, ауыл орталығындағы Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің ескерткіші әктеліп, қураған бұтақтар тазартылды.
Мәдениет үйінің алдындағы көше бойына құмшағал тас төселіп тегістелді.
Сонымен қатар, тазалау жұмыстары да жасалып, қоқыстар жиналды.
Меркі аудан әкімдігі