МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ БОЙЫНША ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАНАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 24 наурызында Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ғимаратында жер қойнауын пайданалушы кәсіпорын өкілдерінің қатысумен кездесу өткізілді.
Департамент басшысының орынбасары Р.Шарипов фокус-топ қатысушыларына және жер қойнауын пайдаланушыларға алдағы атқаратын жұмыс бағыттарын түсіндіріп, жауапты әрі маңызды мониторинг жұмыстары тиімді жүргізілетіндігіне сенім білдірді.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, Департамент, тиісті мемлекеттік органдар және кәсіпкерлік субьектілері өзара бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті