Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып Лесбек Илебаев тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып Лесбек Илебаев тағайындалды.
Илебаев Лесбек Құралбайұлы 1982 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «юриспруденция» мамандығы және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару PhD докторы.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 14 жылдан асады.
Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары, «Каспий әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарушы директоры, ҚР Экономика және тарифті реттеу зерттеу институтының сарапшылар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Л.Қ. Илебаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі