Мемлекет басшысы тағы қандай заңдарға қол қойды?

Мемлекет басшысы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Елбасы дипломатиялық қызмет органдарының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтамақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі