МЕКТЕПТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің 90 жылдығына орай Жамбыл облыстық тарихи өлкетану музейінің қорынан “Көне Тараз жауһарлары” атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге археологиялық жәдігерлер, тарихи кітаптар мен Тараз қаласының қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды. Көрмені мектептің мақтаныш тұтатын түлектері мен мектеп оқушылары аса қызуғушылықпен тамашалады.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі