«Мектепке жол» республикалық акциясына белгілі блогерлер де үлестерін қосты

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «Dvery-city» дүкендер желісінің негізін қалаушы, кәсіпкер Досбол Жылқыбаевтың бастамасымен «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға инстаграм желісінде 3.2 миллион оқырманы бар NNN есімімен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын бастаған ел арасында танымал Әлішер Қонысбаев, т.б. блогерлер атсалысты.

Алдымен Түркістан округінің білім ордасына барған блогерлер әрі қарай Игілік, Байқадам, Жаңаталап, Жайылма ауылдық округтерімен қатар Жаңатас қалаларындағы мектептерде де болды.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ізгі істі жүзеге асырушы, Досбол Жылқыбаев пен белсенді блогерлерге алғысын жеткізді.

Ертең қалған ауылдық округтерді аралайды.

Жалпы аудан бойынша 180 оқушыға оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар мен сапалы сөмкелерін үйлестіреді.

Қайырымдылықтан құралған акция барысында ертең 150 балаға түрлі ойыншық таратылатын болады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі