Мекеме қыз-келіншектеріне құрмет көрсетілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің жігіттер қауымы ұжымдағы қыз-келіншектерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Нәзік жандылардың құрметіне ұйымдастырылған іс-шарада құттықтау сөздер айтылып, алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етілді. Іс-шара соңында мекеменің аруларын мерекелік концертке шақырды. Сонымен қатар, осы күні бірқатар қызметкерлер Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Жәнібек Қосжановтың грамотасымен марапатталды.
Аяулы асыл жандар қандай құрметке де лайық. Құрметті бүгінгі мереке иелері, төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, жайдары көңіл-күй мен шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз, әр күндеріңіз жақсылық пен бақытқа толы болсын!-деді мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметов.