МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз. Осы аталған «Қайырымдылық күніне» орай «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығына өздерінің мерекелік концерттік бағдарламаларын өткізді.
Мерекелік концертті Орталық директоры Е.Әнетбаев құттықтау сөздерімен ашып, қызметтерді алушылар мен Орталық қызметкерлерін Қайырымдылық күнімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.
Концерттік бағдарлама әндер, билермен жалғасты.
Бағдарлама соңында «Жастар орталық» жастарының қарияларымызға арнап мерекелік дастархан жайылды.
Кеш соңында қарияларымыз жастарға баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы