МӘШҺҮР АТАМЫЗДЫҢ БАТАСЫ….
Мәшһүр атамыздың шын есімі Адамжүсіп екен. Егде тартқан шағында ел келіп батасын алуға құмар болыпты. Аузы дуалы абыздың ақ батасы айнымай қабыл болады екен. Құдіреті күшті құдайдың сүйген құлы Мәшһүр атамыз етек жеңі кең, ақжарқын, сөзшең адам екен.
Бірде Баянауылдың бір бай мырзасы Мәшһүр Жүсіп атамызды аттай қалап шаңырағына шақырып, семіз байталын сойыпты. Арманы атамыздың батасын алу екен. Майлы ет желініп, сорпа ішіліп, артынан қысырақтың қымызы құйылады.
Астың соңында атамыз қолын жайып:” Алла тағала саған екі дүниенің байлығын берсін”- деп үй иесіне бата қайырыпты. Дастархан басындағылар бет сипасады, үй иесі мазасы болмай, селқос бет сипайды.
Мұны байқап қалған Мәшекең қасындағысын түртіп:”Әй, мына бәтшағырдың мазасы жоқ қой?”- депті. Бұл бәтшағыр менімше батаны қысқа қайырдың деп қомсынып тұр-ау депті.
Сонда жарықтық Мәшекең:”Қабыл болатын бата қысқа болады. Бұған мен құдайдан екі дүниенің байлығын тіледім ғой. Мұнан артық не керек. Қысқа деп қомсынса тағы қосайын, осы батаның мағынасын түсінетін құдай бұған ми берсін. Әумин!”- деп бетін сипапты.
Сол айтпақшы:”Алла тағала бізге екі дүниенің байлығын ақыл-парасатымен қосып берсін. Әулиенің батасы қабыл болсын! Мұратымыз асыл болсын!….
МАҚСАТ СҚАҚОВ.
Maksat Skakov facebook парақшасынан https://www.facebook.com/maksat.skakov.2025/posts/pfbid036fgjnXt2GnB4CAVWfPPpmp3xYTP22n9JPYwD9UDVZBEZtxHB6kDqDcjjCG8tbV59l

