МАҚСАТ – ЕЛ ДАМУЫ

«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру.
Жаңа Қазақстанның мақсаты — азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу.
Қазақстан қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға және жүйелі түрде қайта құруға бағытталған үлкен өзгеріс алдында тұр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл өзгерістердің өзегі азаматтарды қолдау мен олардың әл-ауқатын, әлеуметтік ахуалын жақсарту болады.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру саясаты – дағдарысты еңсеруге жасалған басты қадам. Ол ел экономикасына ғана емес, әлеуметтік ахуалға да оң әсерін беріп келеді. Берік ұлттық қауіпсіздік, жаңа жұмыс орындары, бәсекеге қабілетті экономика және өңірлердің дамуы – бұл индустрияландырудың басты жетістіктері.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздықты қысқарту мәселесінде кәсіпкерлік маңызды рөл атқарады.
Жуалы ауданының экономикасы қарқынды дамып келеді. Бұл істе аудандағы өнеркәсіп ошақтары мен кәсіпкерлер елеулі үлес қосуда.
Кәсіпкерліктің өріс алып, дамуы үшін қызмет сапасы мен ұсынылатын өнімнің қауіпсіздігі басты рөл атқаратыны түсінікті.
Осы орайда Жуалы ауданында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карта аясында іске асырылатын 4 жоба, жалпы құны – 680,0 млн.тг
1) Қызыларық ауылдық округі, Сұрым ауылында «МОЛ ДАМУ» АӨК-нің сүт өңдеу цехын іске қосу жобасы, жоба құны 300,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 7 тонна. АҮК-да қаралып, оң шешіміне сәйкес тиісті ауылдық округ арқылы, жер телімін алу бойынша аудандық жер қатынастары бөліміне жер комиссиясының оң шешімі алынды. Бүгінгі таңда құжаттары рәсімделіп құрылыс жұмыстары басталады. 2022 жылдың соңына дейін толықтай іске қосуды жоспарлауда.
2) «IMC Group» ЖШС-гі Мақсары майын өңдеу цехын Жетітөбе ауылдық округ аумағынан салуды көздеп отыр Жамбыл облысының кәсіпкерлік басқармасына тиісті құжаттары тапсырылып, АҮК-да қаралып, оң шешіміне сәйкес тиісті ауылдық округ арқылы, жер телімін алу бойынша жер қатынастары бөліміне жер комиссиясының қарауына ұсынылып, оң шешімі алынды. Бүгінгі таңда құжаттары рәсімделуде. Кәсіпорын 20 адамды жұмыспен қамтиды. Жоба құны 120 млн.тг.
Бүгінгі таңда құжаттарын рәсімделу жұмыстары жүргізілуде, жылына 1300 тонна өнім өндіреді жобаны 2022 жылдың соңына дейін толықтай іске қосуды жоспарлауда.
3) Шақпақ ауылдық округінен ЖК «Тилегенов Нурбахыт» (жобалық қуаттылығы жылына күніне 3 тн кептірілген нан (Сухари) өнімін өңдеуді көздейді жоба құны 100,0 млн. теңгені жер телімін алуға Кәсіпкерлікті қолдау карта аясында ұсынылып, оң шешімі алынып облыстық қаулыға сәйкес жер телімі рәсімделуде 20 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Құрылыс жұмыстары басталып кетті.
4) 2015-2019 жылдарға арналған Жамбыл облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген «ШақпақДорсервис» ЖШС-нің жоба құны 160,0 млн.теңгені құрайды «Битум зауытын қайта жаңғырту» жобасы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым (газ жүйесін) жүргізу үшін тиісті құжаттарын жинақталды. Бүгінгі таңда Энергетика және кәспкерлік басқармасына кемшіліктеріне сәйкес құжаттарын қайта реттеуде.
Туризмін саласы бойынша 3 жоба. Жалпы құны-11,1 млрд.тг
1) Жалпы құны 6,3 млрд. теңгені құрайтын, ірі инвестициялық жобалардың бірі «Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылысы. Инвесторы «Таразстрой-2004» ЖШС-ның «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік инфрақұрылым (сумен жабдықтау және кәріз жүйесін) жүргізу мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. Бұдан әрі, жобаны респбуликалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті басқарма басшыларымен ҚР ҰЭМ-де жобаның тиімділігі қаралады. Инфрақұрылым құрылысы жобасының құны 583,4 млн.теңгені құрайды, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, нәтижесінде 424,0 млн.тг «Таразстрой-2004» ЖШС-гі жеңімпаз атанып, аталған жобаның инфрақұрылым жұмыстарын жүргізді, аталған нысан іске қосылса нәтижесінде 120 жұмыс орны ашылады.
2) «Көксай» этно-туристік демалыс аймағы, қонақтарға арналған коттедждер, арқан жолы, тамашалау алаңы, киіз үйлер, моншалар, спорт кешендері, қонақ үйлер, бассейндер салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда тапшандар мен киіз үйлер және тамақтану мен қызмет көрсету нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны 4,5 млрд. теңгені құрайды, Жоба толықтай іске асырылу барысында 100 адам тұрақты жұмыс қамтамасыз етеді.
3) Батыс Еуропа-Батыс Қытай жол бойынан Б.Момышұлы ауылынан «Жол сервисі» кешені құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жоба құны 300,0 млн.тг көрсетілетін қызмет түрлері (Қонақ үй, Дәріхана, Асхана, ТЖО) аталған жобаны 10 жеке кәсіпкер іске асыруда 100 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.
Көркем Асқар