Мақсат – азық-түлік бағасын тұрақтандыру

Округ әкімінің орынбасары Қ.Маметов 2022 жылдың басынан бастап атқарылып жатқан жұмыстары бойынша есеп берді.
Өз кезегінде аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Э.Дунчебаев азық-түліктің құны, өнімнің сату бағасына байланысты зерделеу жұмыстарының қорытындысын баяндады.
Талқыланған тақырыптар бойынша бірқатар кемшіліктердің бар екені мәлім болып, өз шешімін таппай жүрген мәселелер де аз емес екені анықталды.
Жиынды қорытындылай келе округ қызметкерлеріне берешек жеке тұлғалардың көлік салығы, қалқаншаларға тақырыптық баннерлер орналастыру, сонымен қатар «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі статистикалық мәліметіне сай бейресми жұмыс істейтін табысы жоқ азаматтардың еңбек келісімшарттарын жасақтау, қоныс аударғандарды, бала күтіміндегі, қайтыс болғандарды және т.б. санаттардағы азаматтарды тиесілі мекемелермен нақтылауды тапсырдым.
Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдеріне еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтардың міндетті зейнетақы жарналары жоқ және әлеуметтік төлемдері жоқ азаматтармен тиесілі жұмыстарды жүргізіп кемінде 30 пайызын жұмысқа орналастыру немесе БЖТ төлемдерін жүргізуді қамтамасыз етуді 20 маусымға дейін аяқтауды жүктедім.
Ал, бағаның өсуі халықты толғандыратын әлеуметтік мәселе екендігін айтып, әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағаны негізсіз өсірмеуге бағытталған нақты тапсырмалар бердім.
http://Мәден Мұсаев,Қордай ауданының әкімі