Маңғыстауда білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен білім беру ұйымдарының қызметіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кеңейтілген жиналыс өтті.

 

Жиынға Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Шамурайт Шаменов, өңірдегі құқық қорғау органдарының басшылары, қала әкімі, білім мекемелерінің басшылары мен жауапты тұлғалары қатысты.

 

 

Қатысушыларға «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу» тақырыбында баяндама жеткізіліп, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыртқы талдау нәтижелері баяндалды.

 

Мысалы, мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдердің 7 жалған диплом қолдану фактісі анықталып, кейін олардың барлығы қызметтерінен шығарылды. Сыртқы талдау қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасы бас маманы А.Кульбаева, Мұнайшы ауылының №7 орта мектебінің директоры А.Мухашева, Қарақия аудандық білім үйлестіру орталығының директоры А.Досжановалар Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің Кешкі (ауысымды) мектебінен негізсіз жалақы алғаны анықталды. Аталған тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.

 

 

Антикор қызметі тарапынан бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруды толығымен электрондық форматқа ауыстыру, ведомстоволық бағынысты ұйымдарды тексеру және қаржылық бақылау туралы құрылымдық бөлімше құру, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әр мекемеде қабылдау туралы ұсыныс берілді.

 

 

Кәмшат Айбергенқызы,

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 

31.10.2023ж.                                                     Ақтау қаласы