МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА 77,5 ТОННА ЖҮК ЖІБЕРДІ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұртас Сали мәлімдеді.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, қолдау білдіру мақсатында Маңғыстау облысында гуманитарлық көмек жинау пункттары ұйымдастырылды.

 

 

Пункттарда жүк жинау жұмыстары 4 – 9 мамыр аралығында қалалар мен аудандардағы жастар ресурстық орталықтарының базасында және ірі азық-түлік дүкендері мен базарлардың алдында жүргізілді.

Гуманитарлық жүктің ішінде ұзақ сақталатын азық-түліктер, киім-кешектер мен төсек-жабдықтар, дәрі-дәрмектер және гигиеналық құралдар қамтылды.

Алғашқы гуманитарлық көмек 7 мамыр күні Мақтаарал ауданынан ең шалғай өңір Жаңаөзен қаласынан жөнелтілді. 7 газель автокөліктерімен жалпылай есептегенде 7,5 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жіберілді.

Екінші гуманитарлық көмек 9 мамыр күні Ақтау қаласынан және Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия аудандарынан жіберілді. 2 фура және 14 газель автокөліктерімен жалпылай есептегенде 70 тоннаға жуық гуманитарлық жүк мақтааралдықтарға жөнелтілді.

«Жалпылай алғанда, осы аралықта 77,5 тоннаға жуық гуманитарлық жүк Маңғыстау жұртшылығы атынан Түркістандықтарға жеткізілді», — деді Нұртас Сали.

Бүгінгі күні Түркістан облысында арнайы жүк жинау қоймалары ұйымдастырылып, тұрғындарға тарату жұмыстары жүргізілуде.

 

МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ