МАЛДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАУ МАҢЫЗДЫ ІС
Кеше аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жиын өтті.
Жиын барысында Нұрлан Оңғарбекұлы: — Аудан әкімінің бекітуімен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, чиптеу, жарық шағылыстырғыш лента тағу, белгіленбеген аумақтарда жануарларды қараусыз қалдырмау, жол жиегіндегі жануарлар салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және т.б. бағыттарды қамтитын түсіндіру — насихаттау бойынша жұмысшы топ құрылған болатын. Жұмысшы топ құрамына тиісті кәсіпорын және мекеме басшылары енгізілген.

Бұл бағытта, жұмысшы топтың мақсаты бойынша арнайы жадынама жасалып, барлығыңызға таратылды, — деді.
