МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР

Аймақта жыл басынан бері мал шаруашылығында 150,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 34,5 процентке артты. Мал шаруашылығындағы өнімдердің артуына ет өндірісінің — 0,1%-ке, сүт өндірісінің — 1,9%-ке өсуі әсер етті.
Сондай-ақ, облыстағы жалпы мал саны 4,3 млн. басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ке артып, мүйізді ірі қара саны – 503,8 мың басты, қой мен ешкі – 3 635,1 мың бас және жылқы саны – 168,4 мың басты құрады.
Бүгінгі күні мал шаруашылығы бағытындағы 5 007 шаруашылыққа 10,2 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Жалпы 9 айда ауыл шаруашылығы саласында – 431 251,6 млн. теңгенің (НИК-105,5%) өнімі өндірілсе, оның ішінде егін шаруашылығында – 279 983,8 млн. теңгенің (НИК-108,2%), мал шаруашылығында – 150 704,1 млн. теңгенің (НИК-100,4%) өнімі өндірілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы