МАХАББАТ ПЕН ӨШПЕНДІЛІК

Шуақты күндердің бірінде Махаббат пен Өшпенділік кездесіп қалады. Махаббат әдемі әрі көңілді болғанымен, ол әлі де нәзік әрі аңғал болатын. Өшпенділік:
« Халің қалай, Махаббатым»,-деп сұрайды.
«О, менде бәрі жақсы, тек ақыл-сезіммен ғана ойнап, ойын қуып жүрмін»,-деп жауап беріпті Махаббат.
-Махаббатым, сенің осы ойындарыңнан менің пайда болатынымды сен білесің бе?
— Жоқ, мен олай ойламадым. Бірақ бәрібір екеуіміздің кездесіп сөйлесіп тұрғанымыз жақсы емес пе?
-Махаббат сен ақымақсың. Мен сені көп көргенді ұнатпаймын, сені жек көремін!
— А-а, сен мені жақсы көресің деп ойладым … Олай болса, екеуміз де анау биік жардан секіріп көрейік! Кеттік, -депті Махаббат.
Өшпенділік ойланып тұрған кезде, оларды алыстан тыңдап отырған Ақыл:
-Махаббатым, құздан секірсең өліп қаласың. Адамдарды сезімсіз болдырғың келе ме? — деп айқайлапты.
Махаббат:
-Мен өлсем Өшпенділік пайда болмайды ғой, — депті де алдымен секіріп кеткенде, Өшпенділік секірмей қалып қойыпты.
Махаббат жоғалып, Қызғаныш, Өшпенділік, Жеккөрушілік адамдардың жүректеріне көөөөп уақыт бойы орнығып қалғаны содан болған екен дейді..