МАҒАН ЖЕТКІЛІКТІ

Өмір біреуге қуаныш, біреуге қайғы, біреуге мұң, біреуге күлкі, біреуге жұбаныш, біреуге азап, біреуге шаттық. Өмірде өмір сүру — бар адамзаттың бағы. Өмірге келдік пе сол өмірде сүруіміз керек. Ешқашан жылама. Өмірде, бізге, көтере алмайтын сынақ бермейді. Тек сабырлық танытып, төзе білу керек. Ешқашан берілме, жылаушы болма.
Сен жылады екен деп өмір өз ағысын өзгертпес.
Сен жылады екен деп қиыншылықта жаныңнан ешкім де табыла қоймас.
Сен жылады екен деп бар нәрсе сен ойлағандай бола қоймас.
Сен жылады екен деп барлығы сені түсініп кетпес.
Сен жылады екен деп сенімен біреу қосылып жыламас.
Сен жылады екен деп біреу сені жұбатпас.
Сондықтан қазір де, ертең де, ешқашан жылама. Еңсеңді тік көтеріп, бақытты екеніңді дәлелде. Сені түсінбей-ақ қойсын, түсінуге тырыспай-ақ та қойсын. Сен жалғыз емессің. Бүкіл әлем сенен бас тартса да, жалғыз емес екеніңді ұмытпа. Сенің жаныңда әрдайым періште жүргенін ұмытпа. Және Аллаһ мәңгі, мәңгі сенімен бірге. Білесің бе, Аллаһ өзі жақсы көрген жандарға сынақты көбірек береді және Аллаһтың өзі сол сынақты жеңетініңе сенгендіктен береді. Сынақ берді ме, онда сол сынақтан өтесің. Мен сенемін.Аллаһ бірге болғандықтан да мен сенемін!