Мәдениет саласының майталмандары Елбасының стипендиясын иеленді
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы бірқатар тұлғаларға берілді. Олардың қатарында белгілі қаламгерлер, өнертанушы-ғалымдар, кино мен театр саласының майталмандары да бар. Ресми хабарламада:
«Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын»-делінген.
Ал, ел мәдениетіне маңдай терін сеніп төккен азаматтардың толық тізімі төмендегідей:
Айтхожина Марфуға — 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Асанов Камашке (Қойлыбай) — 1964 жылы туған, айтыс зерттеушісі
Әбдіков Төлен — 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әлімбаев Мұзафар — 1923 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әскербекқызы Жанат — 1966 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы
Әшіров Ахметжан — 1938 жылы туған, жазушы-драматург, «Құрмет» орденінің иегері
Әшімов Әкім (Әкім Тарази) — 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Гаркавец Александр — 1947 жылы туған, түрколог-ғалым, қоғам қайраткері
Елеукенов Шерияздан — 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Елубаев Ескен — 1942 жылы туған, ақын
Елубаев Смағұл — 1947 жылы туған, жазушы
Жолдасбеков Мырзатай — 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері
Жұртбай Тұрсын — 1950 жылы туған, жазушы
Жүніс Ерлан — 1984 жылы туған, ақын
Исабаев Нұртас — 1954 жылы туған, ақын
Құмарова Шәрбәну — 1936 жылы туған, жазушы
Қыдырханұлы Уақап — 1932 жылы туған, жазушы
Мұртаза Шерхан — 1932 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Мырзахметов Мекемтас — 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Нұрпейісов Әбдіжәміл — 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Оразбаев Иранбек — 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Рәш Мыңбай — 1930 жылы туған, жазушы
Салғараұлы Қойшығара — 1939 жылы туған, ғалым, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сараев Әнес — 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сүлейменов Олжас — 1936 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты
Темірбай Алмас — 1979 жылы туған, ақын
Ыдырысов Әбілфайыз — 1930 жылы туған, жазушы
Өнер қайраткерлері:
Абдуллина Айша — 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Абжанова Анар — 1986 жылы туған, суретші
Адамжанов Бахтияр — 1992 жылы туған, балет солисі
Арынбаев Медеу — 1967 жылы туған, әнші
Әшімов Асанәлі — 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әшірбекова Роза — 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Байсейітова Раушан — 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Баспаева Мәдина — 1985 жылы туған, балет солисі
Баяхунов Бәкір — 1933 жылы туған, композитор
Бекқұлова Айжан — 1954 жылы туған, суретші, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы
Дүйсекеев Кеңес — 1946 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Еркімбеков Жексембек — 1930 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Есқалиев Әзидолла — 1934 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Жаманбаев Базарғали — 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Жармұхамед Тасқын — 1981 жылы туған, композитор
Жақанов Ілия — 1936 жылы туған, композитор
Жақыпова Гүлнәр — 1957 жылы туған, кино және театр актрисасы
Кенжебекова Алмахан — 1950 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық әртісі
Клушкин Юрий — 1937 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Қарсақбаев Ыдырыс — 1932 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Қастеева Зарема — 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі
Қосыбаева Тамара — 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Құдайбергенов Димаш — 1994 жылы туған, әнші
Мәлібеков Жандарбек — 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
Мәмбеев Сабыр — 1928 жылы туған, Қазақстанның халық суретшісі
Молодов Анатолий — 1929 жылы туған, КСРО халық әртісі
Мышбаева Нүкетай — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Нөгербек Алтынай — 1976 жылы туған, актриса
Нүсіпжанов Нұрғали — 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі
Обаев Есмұқан — 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Оразбаев Сәбит — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Померанцев Юрий — 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Разиева Гульвира — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Рысқали Ерлан — 1982 жылы туған, әнші
Сақиева Күләш — 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Сарықұлова Гүлшара — 1925 жылы туған, өнертанушы
Тасыбекова Торғын — 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Тоғызақов Ерболат — 1948 жылы туған, актер
Толоконников Владимир — 1943 жылы туған, актер, Қазақ КCP еңбек сіңірген әртісі
Трегубенко Андрей — 1978 жылы туған, әнші
Төлегенова Бибігүл — 1929 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Тыныштығұлова Сара — 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Уәлиханов Шота — 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Хасанғалиев Ескендір — 1940 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Шәріпова Зәмзәгүл — 1931 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Ыбыраев Ахат — 1987 жылы туған, кинорежиссер, продюсер