Ма ша Аллах, нағыз Аллахтың разылығы үшін жақсы көру осы болса керек.

Тойдан кейін жас жігіт басқа қалаға жұмыс бабымен, ақша табуға жол жүріп кетеді. Бұл уақыт аралығында оның қалыңдығының ішкі құрылысына инфекция түсіп ауырып, соның салдарынан ол тез қартая бастайды. Дәрігерлерде оған көмектесе алмады. Ал жас жігіт үйіне қайтып келе жатырған кезде, жол апатына ұшырайды және көзі көрмей қалады. Бұл оқиғадан соң ол әйеліне қосылып ұзақта, бақытты ғұмыр кешеді.
Жылдар өтіп, оның әйелі қайтыс болады. Әйелінің жаназасынан кейін күйеуінің жанына досы келіп: «Сабыр сақта бауырым, барлығы Алланың қалауымен. Егер қарсы болмасаң сені үйіңе дейін жеткізіп тастайын»,-деді. Ол: «Рахмет бауырым. Үйіме өзім-ақ бара аламын»,-деді. Досы таңданып: «Жоқ досым, маған түкте қиын емес. Сені жеткізіп салайын! Өзің қалай бармақсың, соқыр болып қалған жоқпысың?»,-дейді. Оның жауабы мынандай еді:
«Мен соқыр емеспін, маған туыстарым әйелің айықпас ауруға шалдықты дегенде, әйелім менің алдымда ыңғайсызданбасын деп, мен соқыр адамның кейпіне ендім. Ол салихалы әйел еді және мен оны Аллах разылығы үшін жақсы көрдім».
Ма ша Аллах, нағыз Аллахтың разылығы үшін жақсы көру осы болса керек.
Сауле Мешітбайқызы фб парақшасынан