Маңғыстауда ерекше саябақ салынуы мүмкін

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов итальяндық компания өкілдерін қабылдады. Олар аймақ басшысына ерекше саябақтың жобасын ұсынды. Саябақта тың технологиямен өсімдік өсірілмек. Өсімдіктер тұщы суды қажет етпейді, яғни теңіз суымен суарылады. Осылайша, бюджеттің қыруар қаржысы үнемделеді.

-Негізінен бұл жоба суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Тұшы суды қажет етпейді. Яғни, өсімдіктерді теңіз суымен суара беруге болады. Бұл жүйені қазір әлем елдері қолданады. Атап айтқанда, Мысыр елінде 30 парк бар. Сондай-ақ, Америка құрам штатының Майами қаласында гольф алаңшалары бар. Біз осы тиімді әдісті Маңғыстау облысында енгізуді көздейміз, дейді «Paghera» компаниясы директорының орынбасары Сахиб Худавердиев.

Облыс әкімі өз кезегінде аталған жобаны алдағы уақытта қарастыратынын жеткізді.

–Жоба егжей-тегжейлі талқылауды қажет етеді. Маңғыстаулық мамандар жобаға жан-жақты талдау жасайды. Содан соң шешім қабылданатын болады, — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Айман Оңғарбайқызы

Суретті түсірген: С. Майемеров