М2 көпір құрылысы 4 тамызға дейін толықтай жабылды

Орташа жөндеу аясында М2 көпір құрылысында Мәңгілік Ел даңғылынан Амман көшесіне дейін жол құрылысын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 3-4 тамыз аралығында қозғалысты толығымен жабу жоспарланған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. «Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деді Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.