Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауына санаулы күндер қалды

«Саяси науқанда Президенттің бастамасымен қолға алынған саяси реформалардың кейбірі алғаш рет жүзеге асады. Солардың бірі – депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квота санаттарының тізбесін кеңейту. Осылайша, әйелдер мен жастардан бөлек, бұл сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандарға да квота белгіленді» — деді, Елнұр Бейсенбаев өзінің фэйзбук парақшасында айтты.
«AMANAT» партиясының кезектен тыс өткен XXV Съезінде біз Мәжіліс ұсынатын партиялық тізімді жарияладық. Онда әйелдер мен жастар үлесі 30 пайыздан асса, мүмкіндігі шектеулі екі кандидат бар.
Мәселен, Ерлан Әбдиев мүмкіндігі шектеулі жандарға қарым-қатынас этикасы және ситуациялық көмек көрсету бойынша оқыту тренингтерін өткізіп, мүгедектердің қоғамға сіңісіп кетуіне жағдай жасап келеді. Мұндай азамат Мәжілісте де қоғам үшін маңызды заңдардың қабылдануына үлес қосатынына сенімдімін.
Сондай-ақ, Севда Алиева да біздің партиялық тізімде. Ол – спорттық биден халықаралық жарыстардың жеңімпазы, сан қырлы өнер иесі, мыңдаған адамға үлгі болып жүрген қарапайым жан.
Менің айтпағым, бұл саяси реформалардың ел өміріндегі, қоғам дамуындағы маңызы зор. Себебі әділетті мемлекет – ең алдымен заң үстемдігі салтанат құрған кезде ғана құрылады.
Ал мұндай бастамалар мемлекеттік басқару жүйесіндегі тепе-теңдікті күшейтіп, заң шығару органы қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге серпін береді.

Елнұр Бейсенбаев ФБ парақшасынан.