Мәрттік…

Ел ағалары Болат Жанәділов Қанат Қыдырминге машина кілтін тапсыру сәті

Cыйға берілген машинаны жесір анаға мінгізіп, шапанды азаншыға жапқан Қанат имам…

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ақмола облысының бас имамы  Қанат қажы Қыдырмин Астанадағы  еліміздің  діни-рухани орталығы  – Әзірет сұлтан мешітіне найб имам болып тағайындалуына байланысты  қызметінен босатылды. Орнына бұрындары Астана қалалық «Әлжан ана» мешіті және соңғы жылдары Паң Нұрмағамбет атындағы Степногорск қалалық мешітінінде бас имамдық қызмет атқарып келген Қуаныш Жұмабайұлы Сәбит тағайындалды. Ол қәзіргі Солтүстік қазақстан облыс Уәлиханов ауданы  Қайрат ауылында дүниеге келген. Жоғарғы діни білімі бар.

Тағайындауларды ҚМДБ-ның Найб мүфтиі, Әзірет сұлтан мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз жуырда ғана сәулеті мен көркі жарасқан Ақмола облысының орталығы Көкшетаудағы  «Науан Хазірет» атындағы орталық мешітінде,  қасиетті жұма намазынан соң жамағат алдында жария етіп, имам Қанат Қыдырминнің осы кезеңге дейін атқарған жұмысына оң баға беріп,  жаңа қызметке тағайындалып жатқан әріптестеріне табыс тілеген болатын.

Қанат Қоянбекұлы ҚМДБ –ның өкіл және облыстың бас имамы болып Ақмола облысында тоғыз жыл қызмет атқарыпты.  Көкше жұрты Қанат Қыдырминге ерекше ықылас танытып, ризашылық білдірді. Жамағат атынан елге танымал азаматтар Мұрат қажы Ыдырысов пен Болат Жанәділовтер жаңа қызметінен табыс тілеп,  ізгі тілектерін  жеткізді. Көкше жұрты қазақы салтпен Қанаттың иығына шапан жауып, астына темір тұлпар мінгізді.

Көңілі толқыған Қанат Қыдырмин   өзіне қолдау білдіріп, асыл дін исламды насихаттауда бірге қызметтес болған әріптестеріне, артында ұйып, «Әмин» дескен, жамағатына, барша  қауымға жүрек жарды лебізін тебірене  жеткізді. Сөз соңында, екі дүние сардары, ардақты  пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның өнегелі бір оқиғасын, жиналған жамағатқа баян етті.

Пайғамбар заманында мешітте тазалықшы болып істейтін әйел адам көрінбей кетеді. Пайғамбар Мұхаммед /с.ғ.с/ әйелдің неге көрінбей кетті деп, іздейді. Сахабалар ол әйелдің қайтыс болғанын жеткізеді. Сонда Алланың елшісі Мұхаммед /с.ғ.с/ ренжіп, барлық адам баласы Алланың құлы.  Жаназасын шығаратын едім, бұларың дұрыс болмады деп, қапаланғаны жайында хадисті жамағатқа жеткізіп: —  Осы зәулім мешіттің ашылған күнінен бастап, қызмет жасап жүрген жалғыз басты әйел бар. Жұмысына тыңғылықты, адал. Балаларының бәрі тақуа,намазхан. Өзіде намаз оқиды.Баспанадан таршылық көріп жүр. Сол  ана үй-күйсіз жүргенде қалай бұл көлікті мініп кете барам. Мен елден елордаға қызметке  кетіп барамын. Оған ұдайы қолымнан келген қамқорлығымды жасаушы едім. Артымда қалған имамдар көмектесер. Бірақ, орным ойсырап қалмасын деп, сіздер силаған көлікті, жаңа өздеріңізге айтқан мешіттің тазалықшысы жалғыз басты анаға тарту етемін. Сый,сыйпат жылы лебіздеріңізге өте ризамын.

Иығыма жапқан   шапандарыңызды , менің жолымды берсін деп, ақ көңіл, адал ниетпен, қазақи рыммен, атар таңды елден бұрын қарсы алып, азан үнімен жұртты  оятып, әуезіне ұйытып жүрген мешіт азаншысы Алтынбек Аманжол бауырыма силаймын деп, шапанды Алтынбектің иығына жапты.fgbhh

Суретте: Солдан оңға қарай. Қанат ағасының шапанына ие болған мешіт азаншысы А.Аманжол, Мұрат қажы Ыдырысов, Болат Жанәділов, Қанатқажы  Қыдырмин, Серікбай қажы Ораз.

Мешіт жамағаты Қанат имамның салихалы уағызы мен, салмақты кесімді сөзіне таң қалысып, бір сәт ат шаптырым мешіт ішін үнсіздік басты. Сәлден соң, сөздің мәнісіне түсінген жамағат жанарлары жасқа толып «Аллаһу акпар» десіп, жаста болса бас болып, мәртікпен, жомарттықтың үлгі, өнегесін салып тұрған имамдарына қызығада,  қимай қарасты.

Екі дүние сардары  Мұхаммед /с.ғ.с/ пайғамбарымыздың өнегесін бұлжытпай  ұлықтап, жалған  дүниеде, бекер дүниеге  қызықпай, бар жан-тәнімен Алласын ойлаған Қанат бауырымыздың  шынайы қадамы осылай адамдарға терең ой салды. Бір қарасаң жай бір нәрсе сияқты. Біреу силады, оны және  біреуге силады, бірақ сөйлем. Бірақ, осы бір сөйлеммен өрнектелген сөзде зор мән мағына жатыр. Әрине шешіп түсінгенге….

Жұрт жылады, Алласына бой ұсынған көкірегі ояу жамағат үнсіз егілді…. Қанат  имамның ізгілік пен мейірімге толы жүзіне бір, қолындағы машинаның кілтіне бір қараған ананың жүзі нұрланып кеудесі кең, көкірегі игілікке толы діндарлардың барына, оларға сана беріп , желеп жебеген Аллаға мың шүкір деп, көзін жас жуған ана, осындай ырыс бұйырған баларына қуанышты көзбен мейрлене қарады. Балалары да ағыл-тегіл жылап тұрды. Бұрын соңды мұндай мәрттікті естіп, көрмеген Көкше жұрты таңданды, ойланды, толғанды… Қамшының сабындай қысқа ғұмырды байлығы шексіз тасыған байда, сіңірі шыққан кедейде алланың сызығымен кешіп өтеді. Бірақ, не таптың қалай байыдың, неге  жұмсадың. Бұл ертеңгі сұрақ…

Біз дүние мүлкі, ақшасы  жоқты кедей дейміз, жоқ, әсте олай емес. Кедей деп, жүрегінде Алласы, ойында иманы, аузында «Биссмилласы»  жоқты айтқан ләзім. Қанаттың басы артық қымбат көлігі, зәулім сарайы барын естмедік. Жоқ деседі. Бірақ, оны тектеуді жөн көрмедім. Сөйте, тұра өзін емес өзгеніің мұқтаждығына қол созып,  сәлде болса баспанасыз ананың үйлі болуына жағдай жасап, сол үшін Алладан дұға тілеп тұрған қанат бауырымызды көреп тұрып, бұндай мәрт мінез қазақта болдыма екен , деген, ой орала кеткенін жасырып қайтем.  Болған, шығар. Мектеп, баспана, ауырғанға қаржы құйған сияқты жомарттар барын білеміз.  Бірақ, дәл мынандай әп сәтте тұжырым жасап, елінің ертеңін, ұрпақтың келешегін, ананың жабырқау жүзін бір сәтте болса қуанған жүзін көруді ойлау, ойы асқақ кеменгерліктің, Алланың нағыз құлы, пайғамбар Мұхаммед /с.ғ.с / сүнет, өсиетін нақты ұстанған үммет, осының бәрін, жамағатқа түсіндіретін, үйрететін иманың, соның ішінде елге бас болатын бас имамның жомартығы емес, мәрттігі деп, терең түсінген жөн. Бұл игіде, таңданатындай, қызығатындай игі істің сара жолын мұсылман қауымның, соның ішінде дін жолында жүрміз деп, жүрген ала құла ниетті имамдарымыздың жүрегіне нақты ой салатын іс болды. Пайғамбарымыз/с.ғ.с/ сахабалардан қандай игі, ізгілікті іс жасағандары туралы сұрайды екен. Сонда, сахабалар игі іс жасау үшін бір бірмен жарысқа түседі екен. Міне, сол сахабалардың сара жолын қайталап тұрған Қанат бауырымыздың өнегелі, тағылымды ісін, басқа діндарлар жарыса жасайды деген, үміт зор.

Қанаттың мәрттігі  Көкше жұртының  өзіндік бір болмыс, ерекшелігін айқындап берді. Барша қазақтың басын қосқан ұлы хан Абылайдың жарты ғасырға таяу ақ ордасын тігуіде, жай емес шығар. Иә, Көкше жері хан дар орда тіккен, әулие, абыздардар, келелі кеңес құрып сөз жарыстырған, сал серілері өнерімен, елді көркейткен, батырлары ат ойнатып, жаумен айқасқан,  құлагердей дүлділдің тұяғының ізі қалған, қасиетті мекен. Атам қазақтан сөз қалған ба. Ат аунаған жерде түк қалады деген. Иә, сол тектілердің жалғасы демей, көр. Осы жерде қөкше өңірінің белгілі азаматы, ел ағасы Мұратқажы Ыдыросовтың жамағат алдында бауыры қанатты аттандырып тұрып, айтқан жақсы лебізінен үзінді келтіріп, сонымен аяқтауды жөн көрдім. Мұрат ағамыз көз жасы сорғалай тұрып аллаға сансыз шүкірлер айтып, Қанат имам ның бас имам болғаны, жастық жақынан, өнегелі істері жайлы тебірене айтты. Ол сөзінде: — Көкшенің зиялы азаматтары Бас Мүфти Әбсаттар Дербісәлінің атына хат жазып Ақмола облысының бас имамы қызметіне Қанат Қоянбекұлын тағайындауды сұрады. Тілектеріміз қабыл болды. Науан хазірет үлкен ұстаз болыпты, біздің Қанат та өмір жолын ұстаздық етуден бастады. Мен және мен сияқты көптеген азаматтар діни сауаттарын осы Қанаттан оқып ашты. Науан хазірет қазақты шоқындыруға қарсы шықса, Қанат имам облыс әкімі Сергей Дьяченконың салынатын шіркеудің қазығын қағуға шақырғанына өзі де бармады, орынбасарларын да жібермеді. Науан хазіреттің шәкірттері Думаға депутат болса, Қанаттың шәкірттері имам, қари болып еңбек етуде. Қанаттың табандылығының арқасында зәулім мешітіміздің құрылысы сәтті аяқталып, діни, рухани орталыққа айналды. Қанат дипломат, себебі ол жиі ауысқан 5 облыс әкімінің тілін тауып, сөзін өткізе білді. Қанат қарапайым, халық маңайынан шықпайды. Айтқан уағызы жүрекке бал-шырын болып құйылады, жұма намазынан кейін намазхандар балға үйірілген арадай жабылып, қолын алуға асығады. Қанат керемет ұйымдастырушы, бүкіл қаланың қалталы азаматтарын біріктіріп, мешіттің бүкіл жабдықтарын алғызды. Асхана, кеңсе, неке қию залы көздің жауын алады. Қайырымдылық шаралары, «Мәуліт» тойлары жоғары деңгейде өтіп, халықтың жоғары бағасын иеленуде.

«Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деген қасиет Қанат имамның бойынан табылады.

Мешіттің жұмысын, Қанаттың біліктілігін Серікбай қажы Сіз бізден артық білесіз. Өйткені Қанат имам бірнеше рет «Үлгілі имам» атағына ие болды. Ол атақты Сіздер бердіңіздер.

Қанат-ақын. Ол облыс оқушылары арасында өткізілген айтыстардың, «Әнші балапан» байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қанат тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлымен бірнеше рет кездесіп, Елбасының ақ батасын алған арда емген баталы ұлымыз. Елбасымыз Қанатқа кез келген университетке түсуге жолдама берді, ал Қанатжан жүрек қалауымен Алланың Хақтың жолын таңдады, Мұхаммед(с.ғ.с.) сүннетімен жүруді қалады. Мен шын мәнінде Қанат бауырымызды мақтап тұрған жоқпын, біз  Қанатымызбен мақтанамыз және жаңадан тағайындалған имамымыз Қуаныш бауырымызға жөн сілтеп отырмын. Қош келдіңіз, Қуаныш имам, Көкшенің ерке халқының жүрегіне жол таба білуге тілектеспін

Қанаттың ақ пейіліне, таза ниетіне, Құдайдан шын қорқатындығына, жетімді жебей білгендігіне, тақуалылығына, көкірек көзінің ашықтығына сай Алла тағала соңынан ерген елінің, ұйыған жамағатының жүрегін елжіретіп, қайырылымдылық жасауға бетін бұрған жоқ па? Құранда Алла тағала: «Менен сұраңдар, мен жауап беремін» деген. «Ғалымның, мүсәпірдің, қырықтың бірі-қыдырдың батасы қабыл болады » — дейді Абай.

Тек қана қарапайым халық емес дін жолы мен ел тізгінін ұстағандарға, қалталы азаматтар мен ел қалаулыларына, жас ұрпаққа, тіпті көнекөз қарияларға бұдан артық қандай өнеге мен үлгі керек деп терең ойға баттым. Туған жерге ту тіккен, Көкше халқын бірлікке шақырып, елін, жерін жанындай сүйген тектінің асыл тұяғы, намазхандарды ұйыта  білген Үлгілі имам, өзінің шын мәнінде дін қайраткері екенін  сөзімен де, ісімен де дәлелдеді. «Жаным арымның садақасы» деген осы шығар.Тусаң ту дедік біз де. Жаратқан Алла абырой беріп, аман сақтасын! Аллаһу әкбар!!! Әмин!!!

Мұрат қажы Ыдырысов ағамыз Көкшелік жамағат атынан осылай жақсы лебіз, шынайы ақкөңілмен ақ батасын беріп Қанат  бауырын  шығарып салған еді….

Дахан Шөкшир