Мәдениет саласының майталмандары Елбасының стипендиясын иеленді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы бірқатар тұлғаларға берілді. Олардың қатарында белгілі қаламгерлер, өнертанушы-ғалымдар, кино мен театр саласының майталмандары да бар. Ресми хабарламада:

«Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын»-делінген.

Ал, ел мәдениетіне маңдай терін сеніп төккен азаматтардың толық тізімі төмендегідей:

Айтхожина Марфуға — 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Асанов Камашке (Қойлыбай) — 1964 жылы туған, айтыс зерттеушісі

Әбдіков Төлен — 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әлімбаев Мұзафар — 1923 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әскербекқызы Жанат — 1966 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы

Әшіров Ахметжан — 1938 жылы туған, жазушы-драматург, «Құрмет» орденінің иегері

Әшімов Әкім (Әкім Тарази) — 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Гаркавец Александр — 1947 жылы туған, түрколог-ғалым, қоғам қайраткері

Елеукенов Шерияздан — 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Елубаев Ескен — 1942 жылы туған, ақын

Елубаев Смағұл  — 1947 жылы туған, жазушы

Жолдасбеков Мырзатай — 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері

Жұртбай Тұрсын — 1950 жылы туған, жазушы

Жүніс Ерлан — 1984 жылы туған, ақын

Исабаев Нұртас — 1954 жылы туған, ақын

Құмарова Шәрбәну — 1936 жылы туған, жазушы

Қыдырханұлы Уақап — 1932 жылы туған, жазушы

Мұртаза Шерхан — 1932 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Мырзахметов Мекемтас — 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Нұрпейісов Әбдіжәміл — 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Оразбаев Иранбек — 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Рәш Мыңбай — 1930 жылы туған, жазушы

Салғараұлы Қойшығара — 1939 жылы туған, ғалым, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сараев Әнес — 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сүлейменов Олжас — 1936 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Темірбай Алмас — 1979 жылы туған, ақын

Ыдырысов Әбілфайыз — 1930 жылы туған, жазушы

Өнер қайраткерлері:

Абдуллина Айша — 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Абжанова Анар — 1986 жылы туған, суретші

Адамжанов Бахтияр — 1992 жылы туған, балет солисі

Арынбаев Медеу — 1967 жылы туған, әнші

Әшімов Асанәлі — 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшірбекова Роза — 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Байсейітова Раушан — 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Баспаева Мәдина — 1985 жылы туған, балет солисі

Баяхунов Бәкір — 1933 жылы туған, композитор

Бекқұлова Айжан — 1954 жылы туған, суретші, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы

Дүйсекеев Кеңес — 1946 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Еркімбеков Жексембек — 1930 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Есқалиев Әзидолла — 1934 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Жаманбаев Базарғали — 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Жармұхамед Тасқын — 1981 жылы туған, композитор

Жақанов Ілия — 1936 жылы туған, композитор

Жақыпова Гүлнәр — 1957 жылы туған, кино және театр актрисасы

Кенжебекова Алмахан — 1950 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық әртісі

Клушкин Юрий — 1937 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Қарсақбаев Ыдырыс — 1932 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Қастеева Зарема — 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі

Қосыбаева Тамара — 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Құдайбергенов Димаш — 1994 жылы туған, әнші

Мәлібеков Жандарбек — 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы 

Мәмбеев Сабыр — 1928 жылы туған,  Қазақстанның халық суретшісі

Молодов Анатолий — 1929 жылы туған, КСРО халық әртісі

Мышбаева Нүкетай — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Нөгербек Алтынай — 1976 жылы туған, актриса

Нүсіпжанов Нұрғали — 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі

Обаев Есмұқан — 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Оразбаев Сәбит — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Померанцев Юрий — 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвира — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Рысқали Ерлан — 1982 жылы туған, әнші

Сақиева Күләш — 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Сарықұлова Гүлшара — 1925 жылы туған, өнертанушы

Тасыбекова Торғын — 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Тоғызақов Ерболат — 1948 жылы туған, актер

Толоконников Владимир — 1943 жылы туған, актер, Қазақ КCP еңбек сіңірген әртісі

Трегубенко Андрей — 1978 жылы туған, әнші

Төлегенова Бибігүл — 1929 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тыныштығұлова Сара — 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Уәлиханов Шота — 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Хасанғалиев Ескендір — 1940 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Шәріпова Зәмзәгүл — 1931 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Ыбыраев Ахат — 1987 жылы туған, кинорежиссер, продюсер