Мұсылман ғажайыптары…

17 АЙ ҰЙЫҚТАҒАН ҚАРИЯ МҰСЫЛМАН БОП ОЯНДЫ

Индонезиядағы Ява аралының котолик дін қызметкері, еріктілермен бірлесіп шіркеудің шатырын жөндеп жатқан кезде құлап комаға түскен еді. 17 айдан кейін ұзақ ұйқыдан оянған 87 жасар қарияның айтқаны таң қалдырмай қоймады.

Ол ұзақ ұйқыда жатқанда  Жаратушының аяны түсіп, жаратылыстың құпия сырлары мен жұмақтың алтын қақпасын көргенін айтқан. Бұл жайлы» Islamic News Daily» хабарлады.«Мен бұл дүниеде Ислам діні жайлы естігенім болмаса, ешқашан Құранды оқымағам. Жалпы, бұл дін жайлы білерім жоқтың қасы. Жаратушы маған хақ діннің қайсы екенін бейне бір тылсым күштермен көрсетіп, осы жолға түсіп, одан таймау керектігін айтты» дейді Эдуард әкей. Биіктіктен құлап, сүйектері сынып, жүрегі бірнеше рет тоқтап қалған 80-ді еңсерген адамның дүниеге қайта келгендей болып оянуы медицина мамандарын да таң қалдырмай қоймады. Ал дін қызметкері өзінің жай ғана комадан тұрмағанын, сонымен қатар, ислам дінінің кереметтері мен құндылықтары жайлы біліп, мүлде басқа адам болып оянғанына шүкірлік етеді.

Испаниялық бұл қария 43 жыл бойы өз дініне адал қызмет еткен, Яван тілі мен басқа да көптеген этникалық топтардың тілін білген құрметті адам болса керек. Оның ислам дініне аса ден қоюы өзгелерді абдыратып тастаса керек. Десе де оның ізбасарлары арасынан оның жаңа болмысына тәнті болып, оның ізіне ергісі келіп отырғандары да жоқ емес. «Егер жаратушы — Алла болса, мен өзгелерді адастырмай тура жолға бастауым керек» деді ол. Бүгінде қария мешіт салу ісіне білек сыбана кіріскен деседі.

 

knuy

МҰСЫЛМАН ӘЖЕЙДІҢ ЕСІМІ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНГІЗІЛДІ

Астрахань қаласында мұсылман әжей есімі Ресейдің рекордтар кітабына тіркелді. Наурыз айында 120 жылдығын атап өткен Танзила Бисембаева жер бетіндегі ұзақ жасаған әйел адам ретінде танылып отыр.

Өздігімен жүріп-тұруы қиындағанымен, қарияның денсаулығы әзірге жақсы көрінеді. Ол өзінің ұзақ жасауының сыры үнемі жігерлі болып, кез келген қиындықтан жол тауып шығуға тырысқан батыл мінезінің арқасы деп есептейді. Сондай-ақ, ол өмірі жаман әдеттермен әуестенбегенін, қара жұмыстан қол үзбегенінін және тек табиғи тағамдармен ауқаттанып келгенін айтады.

Қазіргі уақытта Танзила әжейдің 3 ұлы, 10 немересі, 24 шөбересі және 2 шөпшегі бар.

 

h

ГАЗА ТҰРҒЫНЫ ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҚАРТ АДАМЫ РЕТІНДЕ МОЙЫНДАЛДЫ

Газа аймағында тұратын Реджеп Тевам әлемдегі ең қарт адам ретінде мойындалып отыр. Бүгінде жасы 125-ке қараған қария Осман империясының, Британия мандатының, Египет және Израиль билігінің, Хамас-тың тұсындағы түрлі саясатқа куә болғанына айтады.

Әлемдегі ең қарт адам өзінің уақытын басым бөлігін ғибадатпен өткізетін көрінеді. Ара-тұра айналасында болып жатқан жаңалықтарға құлақ түріп, әлемдік оқиғаларға өзінше сараптама жасап отырады. Қазіргі уақытта араб әлемінде орын алып жатқан оқиғалар жаныма қатты батады дейді ол.

Реджеп Тевам өзінің ұзақ жасауының себебін дұрыс тамақтануда деп есептейді. Ол өзінің ұзақ ғұмырында зәйтүн майын, қоян еті мен көкеністерді көп пайдаланғанын айтады. Ал, сиыр етінің мөлшерін мейлінше азайтқан.

Реджеп Тевамның қазіргі уақытта немерелерінің өзі 370-ке жетіпті.

muslim.kz