Мұстафа Өзтүріктің дін мен тіл туралы айтқаны

Мұстафа 1995 жылдың 11 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан кикбоксингтен жарысты тамашалауға барады. Жарыс аяқталғаннан кейін Мұстафа өзін жайсыз сезінеді де, дәрігер шақырады. Дәрігерлер Мұстафаны Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызады. Мұстафа Өзтүрік 1995 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында қайтыс болады. Қарындасы Феруханның және туыстарының шешімімен Мұстафа Өзтүрік Ыстанбұлдағы қазақтар көптеп тұратын Гүнешлі ауданындағы зиратқа өзінің әкесінің жанына жерленеді. Анасы Рәзия БАҚ-қа берген сұқбатында: «Жұрттың біразы «Мұстафаның сүйегін Түркияда жерлеуге Халифа Алтай себепкер болды» деп жүрген көрінеді. Шындығында, олай емес. Керісінше, «осында қалдырайық» деп ақыл қосқан алғашқы адам еді. Бірақ, Мұстафаның қарындасы, менің қызым Ферухан қарсы болды. «Ағам әкемнің қасында жатсын. Жұма сайын барып, Құран оқып тұрамыз» деді ол. Ол кезде менің бәлен деп айтуға шамам жоқ еді» деген.

Мұстафа Өзтүріктің досы Мамет Дамир: «15 наурызда оның жағдайы қиындай берді. Кешкі бес жарымда ол көз жұмды. Оның жанында болған достары: «Оны біреулер улаған» деді». 1995 жылдары елде рэкетирлік уақыт еді. Біреулерге Мұстафаның елге келіп, көтеріле бастағаны ұнамаса керек. Біздің болжамымызша, оның тамағына у қосқан сияқты» дейді.

Алайда аурухананың берген ресми мәліметі Өзтүріктің қастандықпен өлтірілгенін растамайды