Қызыңның қанатын қырқпа
♦️ Қандай жағдай болса да, қызыңды оқудан айырма. Білім – оның өмірдегі сүйеніші, ертеңгі бала-шағасына қалатын қазынасы, елге қосар үлесі.
♦️ Қызыңа қол көтерме, ауыр сөз айтпа. Ұрып-соғу мен тіл тигізуге үйренген қыз ертең соны тағдырдың заңы деп қабылдайды.
♦️ Оны мейірімнен, жылы сөзден, әкелік еркелетуден тарықтырма. Әке махаббатын көрмеген қыз бөтеннің жалған жылуына алданып қалуы мүмкін.
♦️ Қызыңа жастайынан имандылықты үйрет: намазын, ар-намысын, тәнін жабуды түсіндір. Сонда есейгенде діннің жолы оған ауыр соқпайды.
♦️ Қызыңды сый-сияпаттан, қаржылай қамқорлықтан қақпа. «Мұрасын алды» деп, оны бауырларына табыстап кетпе – сен кеткен соң жаны жаралануы мүмкін.
♦️ Қаламаған адамға зорлап ұзатпа. Қыз тағдыры – ойыншық емес. Өз қалауыңды емес, оның жүрек қалауына құлақ ас.
♦️ Қызың мұңын шағып келсе, жеңіл-желпі қарама. Мұқият тыңда. Қателессе – жөнге сал, жәбір көрсе – араша түсіп, қорған бол.
♦️ Қызыңды ешкімнің кемсітуіне, сырт келбетіне тіл тигізуіне жол берме. Бұл – әкенің намысы.
♦️ Қызыңды елдің көзінше жерге қаратпа. Әкенің бір ауыз ауыр сөзі қыздың өмір бойғы сенімін сындырып кетуі мүмкін.

