Қыз мұраты кету..
Менің апам ауылда біреу үйленсе, қыз тұрмысқа шықса, балаша қуанып отыратын.
Көршінің қызы үйдің жанынан өтіп бара жатса:» Е, бұл қызға сақал — мұрт
өспейді, 25-ке келгенін ел
қайдан білсің. Сүйегі қатып кетеді — ау… осыған тымақты біреу табылса
ғой…»- деп уайымдайтын.
Бірде сол қыз бір күні
тұрмысқа шығатын болды.
Апам жарықтық қатты
қуанды…
«Дұрыс болды, отырған қыз орның табар деген осы»- деп риза болды…
Ал жігіттерді тракторис деп менсінбейтін, ауылдың маңдай алды болған қыз,
үй жанынан
иін ағашпен су алып, өтіп бара жатқанда, анам оған
бара жатқан, оған қарап апам:
— Е, қартайып кербез
сұлу не тапты?
Қара қыз таз болса да
байын тапты» — деп күрсінді…
Сол кезде ел біреудің
бақытына қуана білетін еді…
РАЙХАН МАТАЕВА

