ҚҰЖАТТАР САПАЛЫ ӘРІ ДҰРЫС РӘСІМДЕЛУІ ТИІС
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының «Сарысу ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан мекемелерінің архив саласына жауапты мамандарына арналған «Істер номенклатурасын рәсімдеу, істерді қалыптастыру, істерді рәсімдеу, ұйым архивіне беру тәртібі» тақырыбында кеңейтілген семинар сабағы өтті.• Мекеменің толық атауы көрсетілуі керек
• Шығыс және кіріс нөмірлері қойылуы қажет
• Хаттың жазылған күні міндетті түрде болуы тиіс
• Қол қоюшының аты-жөні, қызметі және қолы қойылуы керек
• Ресми мөр соғылуы шарт



