Күннің ыстығы адам ағзасына қалай әсер етеді?

Мазасыздық пен ашушаңдық:

Күннің ыстығы тек адамның физикалық жағдайына ғана емес, психикалық денсаулығына да әсер етеді. Ғалымдар ауа температурасы көтерілген кезде адамның ашушаңдық деңгейі де артады дегенді дәлелдеген. Одан бөлек, жоғары температура әр адамға әртүрлі әсер етеді. Бірінің бойында адреналин гормоны көбірек бөлінеді, сәйкесінше белсенді бола түседі. Ал, кейбіреуінде керісінше ноадреналин гормоны артады. Ол баяу қимылдап, асықпай ойланады әрі ұйқы маза бермейді.

Қалай күресуге болады?

Мамандар күн ыстықта денсаулықты қалай сақтауға болатындығын былайша түсіндіреді:

• Жүрек ауруы, қан қысымы мен қантамырларының дерті бар адамдарға далаға шықпаған дұрыс. Олар арнайы салқындатылған бөлмеде жұмыс жасағаны не демалғаны жөн. Одан бөлек, калий мен магнийге бай жеміс-жейдектерді күнделікті рационға қосқан артық етпейді. Ал, көшеге шыққан жағдайда арнайы қолшатыр ұстап, бас киім киюді, қосымша арнайы дәрі дәрмек алып жүруді ұсынады.

• Сұйықтықты көбірек тұтыну: тек қана су емес, аздаған қантты шырын, шай, компот. Одан бөлек, газдалған минералды сусындар жоғалған электролиттерді қалпына келтіреді. Ал, алкогольді өнімдерден аулақ болған жөн.

• Мамандар жеңіл әрі кең киім киген дұрыс дейді. Синтетика материалынан мүлдем бас тартқан жөн.

• Күн ыстықта есінен танған жағдайда лимфоуз аймағына, қол мен құлақтың артқы жағына мұз тақаған жөн.

Өз денсаулығыңызды күтіп жүріңіз.

Асет Калиев