Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

🔹«Жастар аллеясында» жәрмеңке өтіп жатыр.
Жәрмеңке ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.
Жәрмеңкеде Тараз қаласы мен облыс аудандарынан келген тауар өндірушілердің өнімдері сатылуда.
📌Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.

🔰Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

🔹Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.
🔹Жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылған.
🔹Жәрмеңкеде жалпы құны 35,5 млн. теңгені құрайтын 55,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 7,5 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 3,1 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 1,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 30,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
📌Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.
🍎Құрметті қала тұрғындары! Келіңіздер, күзгі жиын-терін өнімдерін төмен бағада алуға үлкен мүмкіндік.