Креативті индустрияларды дамыту қоры мен WE Media Group меморандумға қол қойды

Отандық креаторлардың еңбегін елге танытып, шығармашылық жобалардың ішкі және халықаралық нарықта кеңінен танылуына жол ашу — Креативті индустрияларды дамыту қорының басты міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында WE Media Group медиатобымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Медиатоп құрамындағы WEproject басылымы он жылдан астам уақыттан бері Орталық Азиядағы кәсіпкерлік, мәдениет пен өнердің тыныс-тіршілігін қамтып, тың бастамалар мен табысты жобалардың артында тұрған тұлғаларды оқырманға таныстырып келеді. Басылымның аудиториялық қамтуы 11,7 миллионға, ал медиатоптың жалпы қамтуы 40 миллионға жетеді.
Алдағы уақытта осы әріптестік аясында еліміздің әр өңіріндегі талантты креаторлардың жетістіктерін, шығармашылық кәсіпкерліктің озық үлгілерін, Қордың білім беру және акселерациялық бағдарламаларын кеңінен насихаттауды көздеп отырмыз. Сондай-ақ WEproject басылымына сұхбат беріп, Қор жұмысының алғашқы нәтижелері, Қазақстандағы креативті экономиканың келешегі, өңірлік кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау мен инвестиция тарту мүмкіндіктері жөнінде ой бөлістім.