Креативті индустрия – жаңа экономиканың негізі: 2027 жылға арналған басымдықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негізделген экономиканы дамыту міндетін қойып, бұл жұмысқа креативті индустриялардың белсенді қатысуы қажеттігін атап өтті. «Әділет» партиясы жанындағы «MIRAS» республикалық кеңесінде Президент Жолдауын іске асырудағы Қордың рөлі мен 2027 жылға арналған басымдықтарды ұсындым. Qazaq Creative AI Lab арқылы жасанды интеллектіні шығармашылық өндіріске енгізу, ал Qazaq Creative Orders арқылы креаторларды ақылы тапсырыстармен байланыстыру мәселелерін көтердім.
Qazaq Product отандық өнімдерді әзірлеуге, Qazaq IP Market авторлық туындыларды лицензиялауға, ал Qazaq Creative Co Invest жеке инвестиция тартуға бағытталады. Сонымен қатар Qazaq Creative City аясында сәулетшілерді, дизайнерлер мен суретшілерді мәдени және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуға тарту көзделуде. Басты міндет — креаторлардың табысын арттырып, креативті индустриялардың ел экономикасындағы үлесін ұлғайту.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/19dRGGSq8Z/




