Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр

1. Кісі үйінің төрт жағынан (оң, сол, алды, арты) қырық үй көрші болып саналады.
2. Көршілердің ар-намысына тіл тигізбей, оларға жамандық жасаудан аулақ болу керек;
3. Жақын көршісі аш болып, өзінің тоқ жатуы адамдыққа жараспайды;
4. Көршіні сөзбен жəне іспен ренжітпеу керек;
5. Көршінің үйіне жəне ауласына рұқсатсыз көз тастауға, рұқсатсыз кіруге болмайды;
6. Анда-санда сыйлық беріп отырған дұрыс;
7. Тамақ пісіргенде немесе дүкеннен сатып алғанда жақын көршісіне де ұсыну үрдіс;
8. Керек кезде көршіге қол ұшын беру;
9. Сұрап келсе қарыз беру;
10. Мейрамдар мен қуанышты күндері көршісін құттықтау;
11. Көршінің малына тас лақтырмау, үркітпеу;
12. Балаларының көрші балаларды ұруына, жаман сөздер айтуына жол бермеу;
13. Көршінің рұқсатынсыз үйін оның үйінен биік етіп салмау;
14. Кемшіліктерін тіміскілемеу, сырын қазбаламау;
15. Сəлем беріп, сəлемін алу;
16. Кемшіліктерін, сырларын жария етпеу;
17. Бар болса сұрағанын беру;
18. Берген сыйлығын қабыл алу;
19. Қайғылы жағдайларда көңіл айтып, қайғысына ортақтасу;
20. Қонаққа шақырса бару;
21. Көршіге кешірімді болу;
22. Ауырып қалса, көңілін сұрау;
23. Қайтыс болса жаназасына қатысу;
24. Көршінің жетім балаларына көмектесіп, қорғаныш болуға тырысу;
25. Көршіге жылы жүз танытып, жақсы сөздер айту;
26. Көрші айқайлап ұрысса да, дауыс көтермеу, сабырлылық таныту, онымен ренжіспеу;
27. Көршінің мазасын алмау, мазасын алатындай жағдай болса, алдын ала ескертіп, кешірім сұрау.
“Тағлым тамшылары”
Зәуре Дәулетова парақшасынан.