Көркем мінезді болу үшін
Біреудің кемшілігін көргенде оны өз бойынан іздеп, бар болса, одан құтылуға тырысу жаман мінезден құтылудың бірден-бір жолы. «Мұсылман – мұсылманның айнасы». Яғни өзгенің айыбынан, кемшілігінен өзінің кемшілігін көру. Иса алейһиссаламнан “Мұндай көркем мінезді кімнен үйрендіңіз?” дегенде, «Адамдарға қарадым, ұнамаған мінездерді алмадым, ұнағандарын амалға асырдым» дейді.
Көркем мінез имандылықтан. Адам баласы байлыққа, атақ-даңққа, қымбат дүниеге деген құмарлық сезімін жүрегінен сылып тастап, оның орнын Аллаһқа деген махаббатқа, мейірімділік, адалдық, уәдесінде тұру, кісі ақысын жемеу, біреуді алдап – арбамау тәрізді ізгі істерге, ақ ниетке толтырса, бұл оның бойындағы ең көркем мінез болып табылады.
Мынандай үлкен (ауыр) күнәлардан сақ болыңыз:
1. Аллаһқа серік қосу.
2. Адам өлтіру.
3. Намысты кісіге (адал әйелге де) жала жабу.
4. Зинақорлықпен айналысу.
5. Соғыстан қашу (Еліңді қорғау жолындағы).
6. Жетімнің малын жеу (Біреуге қиянат жасау).
7. Сиқырлық жасау және жасату.
8. Ата-ананы ренжітіп (заңды тілектеріне қарсы шығу), қарғысына ұшырау.
9. Харам істерді жасау.
10. Парақорлық (және өсімқорлық).
11. Ұрлық жасау.
12. Арақ ішу.
13. Еркектердің бір-бірімен жыныстық қатынас жасауы (гомосексуализм).
14. Жалған ант ішу (жалған куәлік беру).
15. Өсек айту.
16. Қарақшылық жасау.
17. Ақша тігіп құмар ойындарға салыну (ойнау).
18. Зорлық-зомбылық жасау.
Мұсылмандар көркем мінезді болуы үшін өзінің басты-басты парыздарын бұлжытпай орындауға тиісті. Олар:
1. Аллаһ Тағаланы жалғыз деп зікір ету. (Зікір тілмен де, жүрекпен де жасалады).
2. Адал жолмен тапқан таза киімді кию.
3. Дәрет алу.
4. Бес уақыт намаз оқу.
5. Жүніптіктен (кірден арылу) ғұсыл алу.
6. Рызық үшін Аллаһқа арқа сүйеу.
7. Адал жеп, ішу.
8. Аллаһтың бергенін қанағат тұту.
9. Жаратқан Иемізге жан-тәнімен берілу.
10. Қазаға (яғни, Аллаһ үкіміне) ырза болу.
11. Нығметке шүкіршілік ету.
12. Пәле-жалаға сабыр ету.
13. Күнәлардан тәубеге келу.
14. Ғибадаттарды ықыласпен жасау.
15. Шайтанды дұшпан деп білу.
16. Құранды дәлел деп тану.
17. Өлімге әзір болу.
18. Жақсылықты жақтап, жамандықтан жирену.
19. Өсек айтпау, жаман нәрселерді тыңдамау.
20. Әке-шешеге жақсылық жасап, оларға бағыну.
21. Туған-туыспен қарым-қатынаста болу.
22. Аманатқа қиянат жасамау.
23. Дінде өрескел қалжыңға бармау.
24. Аллаһ пен Пайғамбарға мойын ұсыну.
25. Күнәлардан қашып, Алланы паналау.
26. Аллаһ үшін сүю, Аллаһ үшін сүймеу.
27. Әр нәрсеге ғибратпен қарау.
28. Тәфәккүр ету (Аллаһ Тағаланың құдыретін, ұлылығын және адамды жаратудағы мақсатын ойлау).
29. Ілімді үйренуге ұмтылу.
30. Жаман ойдан сақтану.
31. Мазақтамау.
32. Харамға қарамау.
33. Әрдәйім тура болу.
34. Құтыру және азғындықтан аулақ болу.
35. Сиқыр жасамау.
36. Өлшеуде және таразыда тура болу.
37. Аллаһтың азабынан қорқу.
38. Бір күндік тамағы жоқ кісіге садақа беру.
39. Аллаһтың рахметінен үміт үзбеу.
40. Нәпсі құмарлығына бой алдырмау.
41. Ішімдік ішпеу, есірткіден аулақ болу.
42. Аллаһқа және мұсылмандар туралы жаман ойдан қашу.
43. Зекет беру және мал-мүлкін бағыштау.
44. Хайыз бен нифас кезінде жұбайымен жақындаспау.
45. Барлық күнәлардан жүрегін таза ұстау.
46. Жетімнің малын жемеу.
47. Менмен болмау.
48. Қызтекелік пен зинақорлық жасамау,
49. Бес уақыт намазды уақытылы оқу.
50. Зұлымдықпен халық малын жемеу.
51. Аллаһқа серік қоспау.
52. Екіжүзділіктен сақтану.
53. Өтірік ант етпеу.
54. Берген садақасына мақтанбау.
Бұл – көркем мінезді болу үшін ғана емес, мұсылмандықты мұрат тұтқан да әрбір мүминнің асыл парызы.

