КОРЕЯЛЫҚТАР!..

Кореялық қарт адам өзінің жеке дүкенін басқарды екен. Ол сол дүкенде өмір бойы, күндіз-түні жұмыс істепті.
Жас ортасынан асқан ол бір күні дүкенде жұмыс істеп тұрып кенеттен қатты ауырып, ауруханаға жеткізіледі, сонда дәрі-дәрмекпен емделіп, есін жияды.
Дәрігер оған өмір бойы жұмыс істегенін, денсаулығының нашарлап бара жатқанын, оны емдеуге болмайтынын айтып, отбасымен қоштасуға кеңес береді.
Әлгі қарт өмірін бірге өткізген кемпірін шақырады?
— Мен келдім, — деп кемпірі оның қолынан ұстапты.
-Үлкен қызым қайда?
— Мен осындамын, әке! -деп үлкен қызы қасына келіп отырады.
-Ортаншы қызым қайда?
Ортаншы қызы да: «Мен мұндамын, әке» депті.
-Менің ең сүйікті кішкентай қызым қайда? Кіші қызы да оның басын сипайды.
Сол кезде қарт «ДҮКЕНДЕ СОНДА КІМ ҚАЛДЫ?»,- деп ашуланып айқай салыпты.
Кореялық дамудың бір құпиясы осы деп те айтады…
Амантай Тойшыбайұлы ФБ парақшасынан