Көпшілік ағайынды тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты ғайбаттамауға шақырамын

Көпшілік ағайынды тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты ғайбаттамауға шақырамын. Қателігі көп шығар, игі ісі де аз емес қой оның. Маған сенбесеңдер отыз жыл бойғы газет пен журнал бетін ақтарыңыз . Мақтау мен мадаққа, одаға толып тұр. Соларды жазған журналистер мен қайраткерлердің көбінің көзі тірі. Солар алдымен жазғанынан бас тартсын!
Әсіресе кезінде құрақ ұшып жыр арнаған ақындар мен қоғам қайраткерлері, жапырыла қолдаған депутаттар сендер байқаңдар. Сендер ұялыңдар! Айтылған сөз – атылған оқ!. Тарихта қалады бәрі…
Бүгінгі тотыдай түрленген кескіндеріңді көріп аяймын сендерді.
Бүгінгі “имандай сенгендеріңді” де, күндердің күнінде ит терісін басына қаптап даттайсыңдар ма деп қорқамын сосын …

Несін жасырамыз, отыз жыл бойы уралап келдік қой бәріміз “Нұр – аға жаса- жаса” деп. Ендігіміз ұят емес пе. Өзі қалт-құл етіп әрең жүрген Нұрекең шалды аяиық та?
Неге десеңіз айтайын, сол Нұр ағаның шекпенінен шыққандар әлі билік басында қалғып-мүлгіп отыр ғой. Кейбірі “Жаңа Қазақстан” құруға шақырып жатыр. Оны қалай көрмейсің, ағайын?
Тіліңе түкіргендер мен олардың ресейшіл ұрпақтары да үкіметте сіресіп отыр міз бақпай. Олар неге тасада қалуы керек ағайын?! Мемлекеттен алған жалақымен зәулім-зәулім котедж салу, таудай-таудай джип міну-ақылға сия ма? (Мен шетелдегі виллалары мен офшордағы ақшаларын санап отырған жоқпын).
Бүгінгі жадау тірлігіміз үшін, жүдеу тұрмысымыз үшін, тілдің қадірі қашқаны үшін, жүздеген бағдарламаның жүзеге аспай, миллиардтаған қаржының ту -талқайы шыққаны үшін олар да кінәлі. Олар да жауапты. Назарбаевты алдағанда, арбағанда, өтірік мақтап қолдағанда солар еді ғой….
Біздің бір атымыз халық болса, екінші ныспымыз – тобыр. Оны көрсетіп те жүрміз үнемі.Біз қазақ тобырлық санадан әлі айыққан жоқпыз. Назарбаев жүйесінен шыққан жақсы мен жаманды да әлі айыра алмай жатырмыз. Жасықтар мен жағымпаздар, тоғышарлар мен тоңмойындар енді кімге қызмет етеміз деп жалақтап жүр. Біз болсақ қажыған шалды қыжыртып уақытты бекер өткізіп жатырмыз….

 

Нағашыбай Қабылбектің фб парақшасынан