«КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІНІҢ КЕПІЛІ»

 Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық акциясы Атырау облысында

 Атырау қаласындағы Достық үйінде «Контитуция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» деген тақырыпта конференция болып өтті. Конференция Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық акциясы аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды. Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымды анықтайтын мемлекетіміздің Ата Заңы болып табылады.

 Ақцияның басты мақсаты – Ата Заңымызды ұлықтау арқылы еліміздің дамудағы қол жеткізген жетістіктерін айшықтап, бірлікті нығайту.   

Іс шараға Атырау облысындағы Қазақстан халық Ассамблеясының мүшелері, облыстық сот және мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері, ғылыми-сарапшылық топ, жоғарғы оқу орындардың КХА кафедра меңгерушілері мен студенттері, Атырау мұнай өндеу зауытының ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты мәжілістің модераторы, «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің  басшысы Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы жиналғандарды бүгінгі маңызды оқиғамен құттықтап, сөз сөйледі:

   -«Құрметті бүгінгі салтанатты жиынға қатысушылар! Бүгін еліміздің барлық өңірлеріндегі Достық 1үйлерінде бір мезгілде Тәулсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі», «Конституция как основа Независимости» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық акциясы өтіп жатыр. Қазақ елінің тарихында 5 рет Конституция қабылданды. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Конституция өмірдің барлық саласындағы іргелі реформаларды жүргізудің негізіне айналды. Жүргізілген реформалардың арқасында біздің мемлекетіміз экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың орасан әлеуетін іс жүзінде сәтті асырып отырған құқықтық мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастықтағы ұстанымын айтарлықтай нығайтты»- дей келе тәуелсіздік жылдарындағы халқымыздың жетістіктеріне тоқталды.

       Жиын барысында Әділбек Олжабайұлы Тұрдалиев — Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор «Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық мемлекеттің қайнар көзі», Серік Сағынтайұлы Мүсен – Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын тексеру бөлімінің басшысы  —  «О развитии социально-трудовых отношений в Атырауской области», Мирас Ғабдолхайұлы Ғабдолхаев–облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы – «Тәуелсіздік жылдардағы Конституциялық реформалар», Жанаргүл Асылбекқызы Хамметова- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қылмыстық құқықтық және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы- «Конституция – мемлекетіміздің стратегиялық дамуының кепілі», Стамғали Дина Қабдолқызы–Облыстық білім беру басқармасының бас маманы – «Бала құқығын қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесі» деген тақырыптарда баяндамалар оқыды.

                           4   6

       Сондай — ақ Атырау мұнай өндеу зауытының 19 ұлттан тұратын 625 ардагерінің басын құрап отырған ардагерлер қоғамының төрайымы Людмила Скоробогатова жастарға үндеу жолдады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне орай зауыт ардагерлерін көпшілік алдында марапаттап,  сыйлықтар тапсырды. Конференция аяқталған соң Достық үйі ғимаратында  ардагерлерге экскурсия ұйымдастырылды.

      Аталған іс-шарада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Достық үйінің ғылыми-сараптамалық бөлім басшысы Әдемі Жапарқызы Таласбаевдан, қатысушы қонақтардан, ардагерлерден сұхбат алды.

     Достық үйінде ҚР-сы Конституциясына арналған жалпыреспубликалық акция шаралары – жексенбілік мектептердегі ашық сабақтар өтуімен, суретшілер конкурсы ұйымдастырылуымен мазмұнды оқиғаларға жалғасты.

                                                                                   Светлана Муньянова