«Көңілді старт»

Балалар арасында «Көңілді старт» спорттық ойындары өтті
2022 жыл – Балалар жылына орай Ұ.Сыздықбайұлы ауылында 10 жасқа дейінгі аралықтағы жасөспірімдердің қатысуымен «Көңілді старт» спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Балаларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылықтарын нығайту мақсатында өткен жарыста Ұ.Сыздықбайды мен Ақтоғай ауылдарынан 40 қатысушыдан құралған жасөспірімдер ойын барысында іріктелініп, 4 команда боп бақ сынасты.

Сонымен қатар ауылдар арасында футбол бойынша жолдастық матч өткізіліп, Ақтоғай ауылынан қатысқан жеңімпаздар үздік өнер көрсетті.
Жеңімпаз командаға аудан әкімінің аппарат басшысы Жұмат Жұмабекұлы грамоталар мен қаржылай сыйлықтарын табыс етті.
✅ Қатысқан командалардың барлығына ауыл әкімі атынан балмұздақ таратылып, балаларды шаттыққа бөледі.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі