КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ЖАРТЫЛАЙ ШЕКТЕЛЕДІ

Шымкент қаласында бүгінде А-2 «Алматы-Ташкент» республикалық автожолының 710 шақырымында (телемұнара маңы) көпір құрылысының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Айналма жолдағы көпір құрылысына байланысты көліктер қозғалысы жартылай шектелмек.

 

Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен келісімделген сызбаға сәйкес, аталған жол бөлігінің Ташкент бағыты бөлігіндегі көлік қозғалысын 2021 жылдың 28-30 қыркүйек аралығында жартылай шектеу жоспарлануда.

 

Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі