Кім бай, кім кедей?

Бір күні бір бай кісі баласын кедей ортамен таныстыру мақсатында жұпыны бір ауылға алып келеді. Қайтар жолда баласынан не көріп, не түйгені жайлы сұрайды. Сонда баласы: «Біздің үйде бір ғана ит бар, олар үш-төрт иттен ұстайды екен. Біздің бақтың ортасында бір ғана фонтан тұр, ал оларда бас-аяғы көрінбейтін өзен ағып жатыр екен. Біз бағымыз жарық болсын деп шамдар әкеліп ілдік, оларда аспандарын жарық етіп тұрған сансыз жұлдыздар жамырап тұр екен. Біз қоршалған аз ғана жерде тұрсақ, олар бітпейтін кең даланың иесі екен. Бізге қызметшілер қызмет етсе, олар бір-біріне көмектесіп, қызмет етеді екен. Біз әрдайым тамақ сатып алып жүрсек, олар еккен өнімдерінен өздері тамақ пісіреді екен. Біздің үйді қорғайтын биік дуалымыз бар болса, олар бір-бірін өздері қорғайды екен», – деп баяндап береді. Баласының жауабына таң қалған әке біраз уақыт үнсіз қалады. Сол кезде баласы: «Әке, маған біздің қандай кедей екенімізді көрсеткеніңіз үшін сізге көп рахмет!» – деген екен…
Иә, досым! Он екі мүшең сау болса, өзге дәулет не керек? Жан сарайың бай болса, дүние байлық не керек? Ақиқатында, нағыз байлық – дүниенің көптігінде емес, нағыз байлық – жан дүниенің байлығы!