
Тоғызкент ауылының 8-мемлекеттік жылдық мерейтойына орай, «Киіз үй» сәулет өнерімен әрленген демалыс орны ашылды. Жаңа орын Тоғызкент — Тараз бағытында орналасқан. Келушілер мұнда бір сәт дамылдап, жанға сая табады. Түгіскен орта мектебінің 1977 жылғы түлектерінің бұл тартуы өзіндік ерекшелігімен есте қалып отыр.