Келмеске кетіп бара жатқан кәсіп

Ауылдық жерлерде тау-тау болып үйіліп жатқан жүннің қадірі қалмады. Қытайдың арзан алаша-төсеніші, кілем-паласы басып қалды. Осындай дәрежеге жеттік. Оның да бір зауалы тимесе игі. Бізге қарағанда іргедегі Қырғызстан көш ілгері. Фабрикаларын толық сақтап қалып, Азиядағы 5 мемлекетті одан әрі 150 миллион халқы бар Ресейді костюм-шалбармен қамтып отыр.Қолөнеркәсібі де қожыраған жоқ. Тек, өзімізде аз-кем кәсіпкер ұлттық бренд деп киізден қиқалап киім, өрнектен өріп ұлттық дүние жасап жүр. Ұлттық дәстүрден қол үзсек те, ең болмаса жүннің атауларын біліп ажырата жүрейікші.