Келін болу — тек бір әулеттің табалдырығын аттау емес
Келін болу — жаңа ортада өз орныңды тауып, өзіңді жоғалтпай өмір сүрудің үлкен мектебі. Бұл жолда әр сөзің мен әр қадамың сынға түседі, әр әрекетіңнен сабыр мен сана, сыйластық пен түсіністік талап етіледі.Біреу үнсіздікті — даналық деп қабылдайды. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» деп, барын ішіне түйіп,тыныштықты сақтауды жөн көреді. Ал енді біреу әділдікті — ашық айтылған шындықтан іздейді. Өз ойын білдіруді, өз орнын қорғауды әлсіздік емес, керісінше, ішкі беріктік деп түсінеді. Бірақ өмірдің шындығы бір ғана жолмен өлшенбейді… Үндемей қалу кейде — сабыр, ал кейде — жиналған ауырлық. Сөйлеп шығу кейде — әділдік, ал кейде — жараның бастамасы болуы мүмкін. Сондықтан әр жағдайдың өз таразысы бар сияқты. Ең қиыны — сол тепе-теңдікті табу: өз қадіріңді жоғалтпай, өзгенің де жүрегіне сызат түсірмеу.
Ал сіз қалай ойлайсыз?.. Тыныштықты сақтап, үндемей жүрген дұрыс па, әлде өз орныңды білдіріп, ақиқатты айтқан жөн бе?..
Все

