Кей қыздар махаббаттың басты шарты сұлулық деп түсінеді

Кей қыздар махаббаттың басты шарты сұлулық деп түсінеді. Неғұрлым жігіттерге сұлу боп көрінсем, соғұрлым махаббатта жолым болады деп есептейді. Сондықтан бетін бояп, қасын түзеп, кірпігін «ұзартып», ернін қызартып, әлек болады. Көп қыздардың ішін сұлуламай, тек сыртын сұлулауға тырысуы өкінішті… Қызға ажары үшін ғана емес, адамгершілігі үшін ғашық болмай ма? Ғашық адам сүйгенінің бойынан өзге де асыл қасиеттер іздейді…
… Ойға емес, опаға, бойға емес, бояуға қызыққан жігіттен не қадір шығар дейсің…
Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар»