ҚАЖ қызметкерлерінің балақайлары Аяз Атадан сыйлық алды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59-мекемесі бастығы әділет полковнигі Уразметов Руслан Гарифуллаұлының әдеттегідей жылдағы дәстүрге айналған ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері Аяз Ата, Ақша қар, ұлу және жылан кейпінде мекеме қызметкерлерінің балақайларын Жаңа жылдық мерекемен құттықтап, үйлеріне барды. Арнайы бағдарлама құрып, ән салып, би билеген қызметкерлер бүлдіршіндерге Жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Мекеме бастығы мен ұжымдастарының бұл әрекетіне риза болған қызметкерлердің отбасы мүшелері шексіз ризашылықтарын білдірді.
№59-мекемесі ұжымы барша қазақстандықтарды жаңа 2025-жылдарымен құттықтайды! Жаңа 2025-жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болсын, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!